Шымкентте алаяқтық жасады деген күдікпен Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте алаяқтық жасады деген күдікпен Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері тұтқындалды

Шымкентте алаяқтық жасады деген күдікпен Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері тұтқындалды

Шымкент. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Жердің мемлекеттік актісі мен жер телімі кепілдікке қойылмағаны жөніндегі анықтаманы тез арада жасатуға Халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесшісі 45 мың теңге сұраған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова хабарлады.

  • 22 Мамыр 2008
  • 473
Фото - Caravan.kz

Баспасөз хатшысының ақпаратына сүйенсек, №1 халыққа қызмет көрсету орталығына жергілікті тұрғын өтініш жолдаған. Оған жер телімінің мемлекеттік актісін рәсімдеп, жер телімі кепілде тұрған жоқ деген анықтаманы жедел алу қажет болған. 33 жастағы кеңесші 45 мың теңге төленсе, жоғарыда аталған қызметтер мезгілінде орындалады деп сендірген.

Әйел қаржы полициясына келіп шағымданған. Шұғыл әрекеттердің нәтижесінде ақша алып жатқан кезінде №1 халыққа қызмет көрсету орталығының машықтанушысы (сынақ мерзімінен өтіп жүрген адам) қамауға алынған. Оның шалбарының қалтасынан белгіленген ақша табылған. Тұтқындалушы ол ақшаны кеңесшінің алып кет деп өтінгенін айтқан.

Кеңесшіге қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды: алаяқтық және пара беруге итермелеу бойынша айыпталып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті