Шымкентте алдағы жылыту маусымында жылу тарифі 37%-ға көтеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте алдағы жылыту маусымында жылу тарифі 37%-ға көтеріледі

Шымкентте алдағы жылыту маусымында жылу тарифі 37%-ға көтеріледі

Шымкент. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте орталықтандырылған жылыту жүйесінің тарифтері 95 теңге 21 тиынға дейін өсті. Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бастығы Нұрмахан Жолдасов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 8 Қыркүйек 2008
  • 401
Фото - Caravan.kz

«»3-ші Энергоорталық» АҚ басшылығы бір шаршы метріне 162 теңге көлемінде тариф белгілеуге өтініш берген. Біз оны қарап, есептей келе тариф мөлшері 100 теңгеден төмен, яғни, 95 теңге 21 тиын болуға тиіс деген тұжырымға келдік. Мен бұйрық шығардым. Гигакалорияға шаға есептегенде 4 167 теңге болмақ», -деді Н. Жолдасов.

Жаңа тариф 1 қазанда күшіне енеді.

Бұған дейінгі тариф әрбір шаршы метріне 69 теңге 21 тиын болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар