Caravan Logo

Шымкентте алтын алып өтпек болған тұрғын әуежайдан ұзай алмады

Шымкентте  алтын алып өтпек  болған тұрғын әуежайдан ұзай алмады

«Стамбул-Шымкент» рейсінен түскен Ахматолла Қоразбаевтың жүгі шекарашыларға күдік тудырған. Кедендік декларацияда 86 келі күміс деп рәсімделген үш сөмкенің біреуі күміс емес алтынға толы екен. Күдіктіге сол жерде кісен салынса, тәркіленген тауарлар тексеруге жіберілді. Сонымен бірге енді оның тауарды түрік шекарасынан қалай асырғаны анықталуы тиіс. 

Loading...