Шымкентте “алтын көрсе жолдан таятын” қарақшы қыз қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте “алтын көрсе жолдан таятын” қарақшы қыз қолға түсті

Шымкентте “алтын көрсе жолдан таятын” қарақшы қыз қолға түсті

Шымкентте қарақшы қыз ұсталды. 20 жастағы бойжеткен кішкентай қыздарды тонаумен айналысқан. Ол бүлдіршіндердің құлағындағы алтын сырғаларын алдап шешіп алып отырған. Қазір аталмыш іс бойынша 20 дерек анықталды. 

  • 1 Маусым 2011
  • 612
Фото - Caravan.kz

Полиция бөлімінде кішкентай жәбірленушілерді күдіктімен беттестіру жүріп жатыр. Бүлдіршіндер бойжеткенмен бұған дейін де кездескен. Сондықтан оның кім екенін ашық айтуға қорқатын сияқты.

20 жасар бойжеткеннің құрығына 4-8 жас аралығындағы қыздар іліккен. Бөбектерді тонаған қылмыскерді іздестіру шарасы  апалы-сіңлілердің ата-анасы тәртіп сақшыларына арызданған соң басталыпты.

Жәбірленуші,  қыздардың анасы:       

Сырғаларың әдемі екен, менің сіңлімнің сырғалары көп, мұндайды тақпайды, — деп алдап қазір сендерге одан да көп әкеп беремін, — деп екеуінің құлағындағы алтындарын шешіп алып кеткен.

Жедел іздестіру шарасы барысында тәртіп сақшылары 20 жастағы бойжеткеннің ізіне түскен. Жеңіл табысқа құныққан күдікті жаттанды жүйемен әрекет етіпті. Ол аулада жалғыз ойнап жүрген бүлдіршіндердің алтын бұйымдарын шешіп алып отырған. Қолға түскен бұйымдарды күдікті оп-оңай ақшаға айналдырыпты.


Айнұр Асылова, күдікті
:

«Самал»базарына саттым, ақша жоқ болған соң.

Ұсталған азаматша бұған дейін де алаяқтық  үшін істі болған екен. Түзету үшін түрмеге тоғытылған бойжеткен темір тордан шыға салысымен,бұрынғы кәсібіне қайта кіріскен.

Руслан Қонарбаев, Шымкент қаласы Еңбекші аудандық ІІБ тергеушісі:

— Бір жыл қамауға алынған болатын, биыл босатылған, 10 мамырда. Қайтадан бұрынғы іс-әрекетіне көшкен.

Осылайша күдіктінің Шымкентте 20-дан астам бүлдіршінді тонағаны анықталды. Абақтыдан шыққанына апта болмай, қыз қайтадан темір торға тоғытылды.

Соңғы жаңалықтар