Шымкентте "Алтын жебе" атты бірінші халықаралық анимациялық фильмдердің кинофестивалі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте  "Алтын жебе" атты бірінші халықаралық анимациялық фильмдердің кинофестивалі ашылды

Шымкентте "Алтын жебе" атты бірінші халықаралық анимациялық фильмдердің кинофестивалі ашылды

Шымкент. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте "Алтын жебе" атты бірінші халықаралық анимациялық фильмдердің кинофестивалі ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қараша 2007
  • 637
Фото - Caravan.kz

«Біздің фестивальге жолданған жұмыстарды тамашалаумен ғана шектелмей, сонымен бірге біздің өскелең жас өнеріміздің келешегі мен даму болашағы жайлы пікір алмасылып, әңгіме өрбиді», — деді фестивальдің ашылуында сөз сөйлеген ҚР Кинотүсірушілер одағының хатшысы Сләмбек Тәуекел. «Біз болашақта анимациялық фильмдер шығару саласында байланыс ортану және түрлі ықпалдастықтарды жолға қою жайын дәйектеуге тырысатын боламыз», -деді ол.

Бірінші халықаралық «Алтын жебе» фестиваліне 10 елден 50 шақты аниматор қатысуда. Шараны Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі мен ҚР Кинотүсірушілер одағының қолдауымен Шымкенттің «Жебе» киностудиясы ұйымдастырды.

«Фестивальде 32 анимациялық фильм көрсетіледі. Байқау мақсатындағы көрсетілім болмайды», — деді «Жебе» киностудиясының президенті Керімбек Ниязбай.

Оның айтуынша, фестивальге келтірілген жұмыстар тегін көрсетіледі.

«Алтын жебе» фестивалі қарашаның 21 мен 25 аралығына созылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті