Шымкентте ашынған тұрғындар жолды жауып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте ашынған тұрғындар жолды жауып тастады

Шымкентте ашынған тұрғындар жолды жауып тастады

Шымкентте бүгін бір топ тұрғын қоқыс полигонына баратын жолды жауып тастады. Былтыр ғана қала құрамына кірген Мәртөбе, Таскен ауылының халқы дәл іргеде тұрған қоқыс алаңынан зәрезап болған. Күніге жүзден астам көлік кіріп, бүкіл қаланың қалдығы ауылға ұшады екен. Тынысы тарылған ел қанша мәрте құзырлы органдарға шағым түсірген. Қала басшылығы да полигонның талапқа сай емес екенін біледі. Бірақ, түйткілді шешуге уақыт керек дейді.

  • 31 Қазан 2015
  • 427
Фото - Caravan.kz

Ауыл маңының күл-қоқысқа айналып бара жатқанына ашынған Таскен және Мәртөбе ауылының жұрты бүгін шыдай алмай қолдарына плакат алып жолға шықты. Полигонға бет алған қоқыс толы жүк көліктерді кері бұрғызып қуып жатыр.

Бұл екі ауылдан Шымкент құзырына көшкелі маза кеткен. Қала әкімдігі жайылым жерді бірден қоқыс алаңына айналдырып беріпті. Енді бір жыл ішінде 5 гектардан астам жер иісі қолқаны қабатын қалдықтарға толып, қаңғыбас иттер мен атжалмандар мекеніне айналған.

-Қоқыс полигонынан бірнеше метр жерде православ моласы орналасқан. Тағы сәл әріректе мұсылман қорымы тұр. Тұрғындардың айтуынша, күл-қоқысқа жиналған ит-құс марқұмдардың сүйектерін ақтаруға дейін жеткен.

Полигонның жанында кем дегенде 300 метр жерде қоныс болмауы керек екен. Алайда, мұнда полигонға екі бірдей ауыл жапсарлас жатыр. Тұрғындар ешқандай ережеге сай келмейтін алаңнан дөкейлер ақша жасайды деген пікірде. Мәселен, полигонға кіре беріс жерге тараз қойылыпты. Әр көлік қоқыс төгу үшін 4 мың теңгесіз кірмейді. Ал, мұнда күніге жүзден астам жүк көлігі келетінін ескерсек, пайданы есептеңіз.

Оразалы Кенжебеков, Мәртөбе ауылының тұрғыны:

-Мына Еуропада италья мафиясы  бүкіл Европаның қоқысын бақылайды екен. Ресейде мафияның қолында.   Бізде Шымкент әкімдігі қадағалайды. Бір машина 4-5 мың ақша тұрады қоқыс  төгуге. Бір мүдде бар бұл жерде.

Ал, жұрт шулаған соң жеткен шенеуніктер бұл полигон біреудің пайдасы үшін емес деп ақталды. Бірақ күл-қоқыс үшін басқа орын іздеп жүр екен. Тек мерзімін атқамінерлердің өздері де білмейді.

Мәлік Әбдінұров, Шымкент қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

-Біз жер телімін іздеп жүрміз. Ол енді ондай оңай тірлік емес. Қазір бәрі осы айналасының бәрі жекешелендірген жердің бәрі. Бірақ, ол жұмыс атқарылып жатыр. Қаланың жоспарында ол жұмыстар бар.  

Ал ашуға мінген жұрт әкім-қаралар түйткілді шешіп, күл-қоқыс алаңын жаппаса, бір аптадан соң кезекпен күзетіп полигонға мүлдем көлік жолатпаймыз деп бекінген.

Соңғы жаңалықтар