Caravan Logo

Шымкентте атақты саябақ тағы отқа оранды

Шымкентте атақты саябақ тағы отқа оранды

Қураған шөп пен жинаулы тұрған бөренелер өрттің лезде 300 шаршы метр жерді шарпуына сеп болды. Тіпті саябақ ішіндегі электр бағаналары да жанып кеткен. 15 арнайы көлікпен 80-ге жуық адам тілсіз жаумен 2 жарым сағат бойы арпалысты. Қазір өрттің шығу себебі мен шығын көлемі есептеліп жатыр.

Loading...