Шымкентте атыс кезінде бір адам қайтыс болып, он төрт адам жараланған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте атыс кезінде бір адам қайтыс болып, он төрт адам жараланған

Шымкентте атыс кезінде бір адам қайтыс болып, он төрт адам жараланған

-Шымкент қаласының аумағында орналасқан Забадам кентінде 29 қазан күні жастар арасында топтық төбелес орын алды, деп хабарлайды ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.

  • 30 Қазан 2012
  • 720
Фото - Caravan.kz

Жанжалға бұдан бір күн бұрын Забадам және Откормсовхоз кенттеріндегі екі туыс адамның арасындағы жанжал себеп болды.

Жаппай төбелес барысында Забадам кентінің түрлі жарақаттар алған 9 тұрғыны ауруханаға жеткізілді, соның ішінде оқ жарақаттарын алғандар да бар, олардың бірі мерт болды. Сондай-ақ ауруханаға Откормсовхоздың 6 тұрғыны жеткізілді. Жарақаттанғандардың барлығына медициналық көмек көрсетілуде.

Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде. Істің мән-жайларын анықтау және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті шаралар өткізілуде. Қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға орнынан мылтық гильзалары, үш пышақ, құбырлар мен бес сойыл алынды.

Жаппай төбелесті ұйымдастырып, адамның өліміне әкеліп соқтырған дене жарақаттарын салуда күдікті танылған азамат қазіргі уақытта пышақ жарақатымен ауруханада полицейлердің күзетуімен жатыр. Бұдан басқа оның тұрақты мекен-жайынан аңшылық шолақ мылтық алынды.

Ішкі істер органдары Забадам кентіндегі құқық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Қауіпсіздік шаралары күшейтілуде. Кенттегі қоғамдық тәртіпті орнатуға 50-ден астам полицей жұмылдырылды.

Тергеу барысы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД басшылығының ерекше бақылауына алынды.

Соңғы жаңалықтар