Жарияланды: 290

Шымкентте атысқа қатысқандар түгелдей ұсталды

Полиция қызметкерлері Шымкенттің шетінде болған атысқа қатысқандарды тауып, түгелдей ұстап алды.

"Қазіргі уақытта Забадам ауылында болған оқиғаға қатысқандар ұсталды, олар әл-Фараби аудандық ішкі істер бөлімінде, тергеу шаралары жүргізілуде", деп хабарлады сәрсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық ішкі істер департаментінен. Олардың айтуынша, жанжалға бір жақтан 11, екінші жақтан 12 адам қатысыпты. Алдында хабарланғандай, өткен дүйсенбіде Забадам және Откормсовхоздың туысқандары арасында болған жаппай төбелестің арты атысқа ұласқан, соның салдарынан 2 адам қаза болып, 13 адам жарақат алған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін