Шымкентте автобуста жүру жолақысы бес теңгеге арзандайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте автобуста жүру жолақысы бес теңгеге арзандайды

Шымкентте автобуста жүру жолақысы бес теңгеге арзандайды

Шымкент. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте қалалық автобустарда жүру жолақысы бес теңгеге арзандайды. Бұл туралы бүгін қалалық әкімдік активінің отырысында қала әкімі Арман Жетпісбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Қараша 2008
  • 445
Фото - Caravan.kz

«Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдайтын автобустардағы жолақысы бес теңгеге арзандап, 35 теңгені құрайды. Ал бағытты таксилердегі баға бұрынғы 40 теңге қалпында қалады», — деді А. Жетпісбаев.

Оның айтуынша, әкімдіктің жолақыны арзандату туралы шешімі 2009 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар