28 қаңтарда Шымкенттің №18 шағын ауданында тұратын балалар гараждардың қасынан өлген адамның денесін тауып алды. Балалар жағдайды үлкендерге айтады, ал олар полицияға хабар береді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі tvk-uko.kz телеарнасына сілтеме жасап.
Өлген адамның кім екені бірден анықталды. Ол – 1974 жылы дүниеге келген және бұрын сотталған азамат.
Еңбекші ауданының ІІБ қызметкерлері кісі өлтірген күдіктіні де тапты. Ол Қайнарбұлақ саяжайында тығылып жатады.
Ұсталған күдікті 1990 жылы дүниеге келген. 21 желтоқсанда №18 шағын ауданда тұратын «сүйіктісінің» үйінде қайтыс болған адаммен бірге спиртті ішімдік ішеді. Олардың отырысы төбелеске айналады да, ол оны өлтіреді. Кейін түнгі сағат 3-те оның денесін далаға шығарып, гараждардың қасындағы құмға көміп тастайды. Қазір тергеушілер істің мән-жайын анықтап жатыр.