Шымкентте балаларға дүрсе қоя берген өгіз 8 баланы жарақаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте балаларға дүрсе қоя берген өгіз 8 баланы жарақаттады

Шымкентте балаларға дүрсе қоя берген өгіз 8 баланы жарақаттады

Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында иесі беймәлім бір өгіздің балаларға дүрсе қоя беруі салдарынан 8 бала жарақаттанды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 7 Шiлде 2003
  • 570
Фото - Caravan.kz

Демалыс күні кешкісін сағат 6 шамасында қаланың орталық көшелерінің біріндегі үйдің ауласында ойнап жүрген балаларға бір өгіз күтпеген жерден тап берген . Өгіздің мүйізімен іліп алып басынан асырып лақтырып жіберген 5-жасар қыздың басын бірнеше жерден тігуге тура келді.

Оқиға болған жерге полиция қызметкерлері келген кезде өгіз 8 баланы жарақаттап үлгерген көрінеді. Сөйтіп біраз уақыт әуре-сарсаңға түскен полиция қызмткерлері өгізді түн ортасы шамасында әрең деп ағашқа байлады.
Қазір қаһарлы өгіздің қожайыны іздестірілуде. Ал мал дәрігерлері өгіздің құтыру мүмкіндіктерін тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар