Шымкентте банк шарттарының қатайтылуына байланысты мемлекеттік бағдарлама аясындағы пәтерлер өте баяу сатылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте банк шарттарының қатайтылуына байланысты мемлекеттік бағдарлама аясындағы пәтерлер өте баяу сатылуда

Шымкентте банк шарттарының қатайтылуына байланысты мемлекеттік бағдарлама аясындағы пәтерлер өте баяу сатылуда

Шымкент. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте банк шарттарының қатайтылуына байланысты мемлекеттік бағдарлама аясындағы пәтерлер өте баяу сатылуда. Бұл туралы әкімдіктің тұрғын үй комиссиясының отырысы барысында Шымкент қалалық әкімдігінің тұрғын үй секторының меңгерушісі Гүлнәр Әшірбаева мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Қыркүйек 2008
  • 599
Фото - Caravan.kz

«Несиелер өте баяу беріліп жатыр. Банктердің шарты қатты. Егер бұрын тең несие алушылар саны шектеусіз болса, енді банк кепілдік беруші біреу ғана болуға тиіс деген шарт қоюда. Бастапқа жарна көлемі де көбейтілді. Ал мемлекеттік қызметкерлердің ақшасы кейінгі кездері көбейіп кете қойған жрқ», — деді Г. Әшірбаева.

Оның айтуынша, банк талаптарының күшейтілуі бұрынғы несие алушылардың төлемді көптеп төлемей қоюына байланысты. «Соттың шешімімен төрт отбасы үйлерінен шығарылды, үйді өз беттерімен босатып беріп жатқан отбасылар да бар», — деді Г.Әшірбаева.

Тұрғын үй комиссиясының отырысында бұған қоса тұрғындар арасында бесінше қабаттағы үйлерге деген сұраныстың төмен екендігі де айтылды. «Соңғы қабаттағы 98 пәтерге сатып алушы табылмады», -деді Г.Әшірбаева.

Ол сонымен бірге осындай пәтерлердің бағасын төмендету туралы үкіметке ұсыныс жасалатынын айтты, өйткені, екінші нарықта да осындай пәтерлердің бағасы біршама төмен келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар