Шымкентте банкке қарыз әйел секіріп өлем деп, сот орындаушыларын әбігерге салды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте банкке қарыз әйел секіріп өлем деп, сот орындаушыларын әбігерге салды

Шымкентте банкке қарыз әйел секіріп өлем деп, сот орындаушыларын әбігерге салды

Шымкентте банкке қарыз әйел сот орындаушыларын әуре-сарсаңға салды. Ол 8 жыл бұрын несиеге пәтер сатып алған. Кейін қарызын төлемей қойған соң баспана сот шешімінен банктің меншігіне өтіпті. Сот орындаушалары сол үйді тұрғындарынан босата алмай жүргеніне жарты жылдан асты.

  • 14 Қараша 2012
  • 410
Фото - Caravan.kz

— Шықпаймын да, басқа да қылмаймын!

Учаскелік инспектор мен сот орындаушыларының мына пәтерде тұрып жатқандармен мәмілеге келе алмай тұрғанына жарты тәулікке жуықтады. Баспана қожайыны осыдан 8 жыл бұрын банктен 36 мың доллар мөлшерінде несие рәсімдеген. Ол ақшаға көпқабатты үйдің 4-ші, 5-ші қабатынан сатып алған қос пәтерді біріктіріп, «пент хаус» жасапты. Бірақ алған қарызының пайызын уақтылы төлемеген.

Бейбіт Рүстемова, борышкер:

— «Екі айға төлемеді» деп 195 мың теңгеге сырттай шешім шығарып жіберіп, 20 мың долларға аукцион арқылы сатып жіберген.

Ал сот орындаушылар борышкердің банк алдындағы жалпы қарызы 4 миллион теңгеден асатынын айтады. Несие ұйымына сол қаржыны уақтылы қайтармағандықтан 2010 жылы баспана сот шешімімен банктің меншігіне өткен.  


Ғазиз Айтбаев, мемлекеттік сот орындаушы:

— 15-ші мамыр 2012-ші жылғы шешім бойынша осы- Шымкент қаласы 15-ші мөлтекаудан, 6-шы үй, 13 және 15-ші пәтердегі үйден шығару керек болатын борышкерлерді.

Сот шешімініңорындалмай жүргенінежарты жыл. Сонша шығынмен баспанаға жөндеу жасап, қала берді: барар жер басар тауы жоқ екенін алға тартқан үйдің байырғы иесі өліспей беріспеуге бел буыпты. Сот шешімін орындауға келгендердің райы қатты екенін көрген егде тартқан үй иесі терезеден секіріп кетпек болды.

— Неменеге ұстап тұрсың мені. Секірем!!

Үйдің бұрынғы иелерінің әрекетінен уәкілетті қызметкерлер біраз абдырап қалды. Бірақ сот шешімі ақыры орындалып, пәтер босатылды.

Соңғы жаңалықтар