Олардың барлығы да 31-қаңтарда 2000-жылғы қылмыстары үшін қамауға алынған. Д.Өтеевтың мәліметіне сүйенсек, ұсталғандардың үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 275-ші бабы бойынша «Марқұмдардың мәйіттері мен оларды жерлеген жерлерді қорлау » жөнінде қылмыстық іс қозғалды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 26-қаңтарда Шымкенттегі мұсылман мазарында бейіттерді ойрандап жүрген үш адам ұсталған боатын. Екі еркек пен бір әйел молаларды қазып жатқан жерінен қолға түскен. Ұсталғандардан күрек, жарық, тістеуік және сүймендер алынған. Соңынан олардың тағы бір сыбайласы тұтқындалды.