Жарияланды: 460

Шымкентте бейіттерді ойрандаушы тағы да төрт күдікті ұсталды

Шымкент полициясы бейіттерді ойрандаушы тағы да төрт күдіктіні ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шымкент полициясының 3-бөлімінің тергеушісі Дүйсен Өтеев хабарлады.

Олардың барлығы да 31-қаңтарда 2000-жылғы қылмыстары үшін қамауға алынған. Д.Өтеевтың мәліметіне сүйенсек, ұсталғандардың үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 275-ші бабы бойынша "Марқұмдардың мәйіттері мен оларды жерлеген жерлерді қорлау " жөнінде қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 26-қаңтарда Шымкенттегі мұсылман мазарында бейіттерді ойрандап жүрген үш адам ұсталған боатын. Екі еркек пен бір әйел молаларды қазып жатқан жерінен қолға түскен. Ұсталғандардан күрек, жарық, тістеуік және сүймендер алынған. Соңынан олардың тағы бір сыбайласы тұтқындалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін