Шымкентте белгісіз біреулер көшеде жалаңаш тұрған адамға оқ жаудырды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте белгісіз біреулер көшеде жалаңаш тұрған адамға оқ жаудырды

Шымкентте белгісіз біреулер көшеде жалаңаш тұрған адамға оқ жаудырды

Шымкентте белгісіз біреулер көшеде жалаңаш тұрған адамға оқ жаудырды. Бір күн бұрын ғана ғаламторға шыққан осындай бейнекөріністі қазірдің өзінде мыңдаған адам көріп үлгерген.

  • 2 Қазан 2014
  • 216
Фото - Caravan.kz


Көше ортасында тыр жалаңаш тұрған ер кісіге белгісіз бір көліктің ішіндегілер травматикалық қарудан оқ атып жатыр. Ал әлгі адамның оқ тиген жерлерін қолымен ұстап, ауырсынып ыңырсыған дауысы анық естіледі. Көліктегілер жалаңаш жүрген адамды балағаттап, кейін оны тағы да бірнеше мәрте атып, тайып тұрды. Алайда,  қару қолданғандар мен жалаңаш күйі көшеде жүрген азаматтың кім екені әзірге белгісіз. Облыстық Ішкі істер департаментіндегілер бұл оқиғаға байланысты ештеңе айта алмай отыр.