Шымкентте бензин бағасын қасақана көтергендер жазаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте бензин бағасын қасақана көтергендер жазаланды

Шымкентте бензин бағасын қасақана көтергендер жазаланды

Шымкентте 25 жанар-жағар май бекеті өзара уағдаласып, бензин бағасын негізсіз көтеріп қыруар қаржы тапқан. Бензинге мемлекеттік реттеу алынып тасталған соң мұндағы кәсіпкерлер оңай пайда табудың жоспарын жасапты.

  • 3 Желтоқсан 2015
  • 193
Фото - Caravan.kz

Яғни кезінде үкімет белгілеген 108 теңгеден алған бензинді 135 теңгеден сатып отырған. Төмен бағаға алған АИ-92 пен АИ-93-тің құнын негізсіз көтеру арқылы 3 жарым млн теңгеге жуық пайда көрген. Бұл қаражатты тәркілеген құзырлы орган май құю бекеттерінің иелеріне айыппұл да салды. Бағаға қатысты ымыраласу деректері тек ірі нысандарда ғана емес, сонымен бірге шағын компаниялар арасында да кездесіпті. Қазаннан қақпақ кеткенде ұяты жоғалған фирмалардың бәрі қазір жіті тексеріліп жатыр.

Бауыржан Таштанов, ОҚО Табиғи монополияларды реттеу және бәскелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары:

-«Гелиос», «Қазмұнайгаз» және «Синойлға» 200 миллионан артық сомаға айыппұл салынды.  

Соңғы жаңалықтар