Шымкентте бензин тапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте бензин тапшы

Шымкентте бензин тапшы

Шымкентте АИ-92 маркалі бензин таусылып қалды. Көлік иелері енді одан да жоғары октанды, әрі бағасы да қымбатырақ сұйық отынды құюға мәжбүр. Кәсіпкерлер бұл жағдайды бензиннің аз жеткізілуімен байланыстырып отыр.  

  • 27 Шiлде 2011
  • 383
Фото - Caravan.kz

Осыдан екі апта бұрын өңірде жанармай бағасы шарықтап кеткен еді.

Ол кезде АИ-92 бензинінің 1 литрі 116 теңгеге бір-ақ жеткен. Жуырда ғана мәселе шешіліп, 102 теңгеге қайта түсті. Ал бағаны негізсіз көтерген кәсіпкерлердің әрекеті тергеуге алынған болатын. Енді үлкен сұранысқа ие бензин маркасы жанармай бекеттерінен мүлдем жоғалды. Тұрғындардың ойынша, кәсіпкерлер бағаның тағы қымбаттағанын күтіп, бензинді әдейі сатпай отыр екен. Ал құзырлы органдар осы мәселені шешуге қауқарсыз боп тұр.


Қайыпбек Қамбаров, ОҚО жанармай бекеттері иелері қауымдастығының президенті:

Өздеріңіз білесіздер, жанар жағармай бекеттерінің барлығы жекеменшік, олардың ісіне араласа алмаймыз. Ондай мәлімет жоқ. Біреуі жөндеуге жабылған шығар, біреуі тоқтап тұрған шығар май ала алмай. Мемлекет те, ешкім де оған жауапкершілік ала алмайды.  

Соңғы жаңалықтар