Шымкентте бір айда үш бірдей "қаржы пирамидасы" айқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте бір айда үш бірдей "қаржы пирамидасы" айқындалды

Шымкентте бір айда үш бірдей "қаржы пирамидасы" айқындалды

Шымкент қалалық полициясы "қаржы пирамидасын" құрған тағы бір алаяқты ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шымкент полициясы 1-бөлімінің қылмыстық полициясы бөлімі бастығының орынбасары Мұхтар Қосмамбетов хабарлады.

  • 21 Сәуiр 2004
  • 621
Фото - Caravan.kz

Полицияға шағым түсірген 38 жастағы тұрғынның айтуынша, одан көп мөлшерде ақша алған «Қамқор сенім» фирмасының жетекшісі келісілген өсімді беруден бас тартуда. Арыз иесінің айтуынша, бастапқыда салым мөлшері аз кезінде фирма төрайымы оған екі мәрте өсім берген. Соңынан салым мөлшері 8 мың долларға жеткен кезде «Қамқор сенім» фирмасының төрайымы одан тағы да үш салымшы әкелген жағдайда ғана ақшаңды кері қайтарамын деп мәлімдеген. Жаңа салымшылар әлгі еркектің салымы мен оның өсімін өтейтіндей қаржы әкелуге тиіс болған.

Тергеу барысында белгілі болғанындай, алаяқ салымшыларға екі апта сайын салымның 50 проценті көлемінде өсім төлеп отыруға уәде берген. Осындай амалмен әлгі алаяқ 200-дей адамнан 10 млн. теңгеге тарта қаржы жинап алса керек.
Тәртіп сақшылары осы дерек ізімен ҚР Қылмыстық істер кодексінің «Алаяқтық » жөніндегі 177 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сәуір айында Шымкентте осымен үшінші «қаржы пирамидасы» айқындалып отыр. Сәуір айының басында «Ергеш капитал» фирмасының директоры ұсталды. Ол адамдарды алдау арқылы 7 млн. теңге жинап алған. Ал айдың ортасында тағы да осындай жолмен 15 млн. теңге жымқырған «Игілік капитал» ЖШС-нің жетекшісі қолға түсті.

Соңғы жаңалықтар