Жарияланды: 410

Шымкентте бір ер адам пойыздың астына түсіп мерт болды

Астана. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте бір ер адам пойыздың астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 20 қазанда Шымкенттің Азат ықшамауданында Қызылсай - Шымкент бекетінде оңтүстік-шығыс темір жолының 3297-ші өткелінде сағат 19.15-те азиялық текті 45 - 55 жас аралығындағы ер адам Алматы - Мәскеу бағытындағы №7 пойыздың астына түсіп кетті. Жарақат салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін