Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 20 қазанда Шымкенттің Азат ықшамауданында Қызылсай — Шымкент бекетінде оңтүстік-шығыс темір жолының 3297-ші өткелінде сағат 19.15-те азиялық текті 45 — 55 жас аралығындағы ер адам Алматы — Мәскеу бағытындағы №7 пойыздың астына түсіп кетті. Жарақат салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті