Caravan Logo

Шымкентте бір ер адам пойыздың астына түсіп мерт болды

Шымкентте бір ер адам пойыздың астына түсіп мерт болды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 20 қазанда Шымкенттің Азат ықшамауданында Қызылсай - Шымкент бекетінде оңтүстік-шығыс темір жолының 3297-ші өткелінде сағат 19.15-те азиялық текті 45 - 55 жас аралығындағы ер адам Алматы - Мәскеу бағытындағы №7 пойыздың астына түсіп кетті. Жарақат салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты.