24-мамыр, сейсенбі күні №33 орта мектептің екі оқушысы жаңжалдасу салдарынан 11-сынып оқушысы Құдайберген есімді бала 10-сынып оқушысы Жанұзақты пышақтап тастады. Бұл оқиға бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде болған. Мұғалімдер жедел жәрдем көлігін бірнеше мәрте шақырғанына қарамастан, дәрігерлер 40-50 минуттан кейін әрең келген. Оқушылар жәбірленушіні жеке автокөлікпен ауруханаға жеткізуге талпыныс жасаған, алайда, мектеп әкімшілігі оған мұрсат бермеген. Жанұзақ ес-түссіз күйде жедел жәрдем көлігінде ауруханаға барар жолда қайтыс болды.
Құдайберген оқиға орнынан із жасырып үлгерген. Тәртіп сақшылары оны бірнеше сағаттан кейін ұстады. Тұтқынның айтуынша, екі оқушының арасындағы кикілжің бір аптаға созылған. Ол Жанұзақ бокспен шұғылданатындықтан, пышақты қорғаныс үшін алып жүрдім деп жауап берген.
Полиция кісі өлтіру, бұзақылық және көмек көрсетпеу тәрізді бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.