Шымкентте бір топ адам бейітке арналған жерді басып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте  бір топ адам  бейітке арналған жерді басып алды

Шымкентте бір топ адам бейітке арналған жерді басып алды

ШЫМКЕНТ. 5-шілде. Kazakhstan Today. Шымкентте бір топ адам бейітке арналған жерді басып алып, өз бетімен баспана тұрғыза бастады. Бұл туралы журналистерге жерлеу жоралары бойынша қызмет көрсету жөніндегі Шымкенттік орталығы бастығының орынбасары Ғани Бекеев хабарлады.

  • 5 Шiлде 2007
  • 475
Фото - Caravan.kz

«Мұсылман бейітңн салуға арнап бөлінген жерді заңсыз басып алған», — деді Ғ. Бекеев.

Оның хабарлауынша, осыдан екі күн бұрын Абай аудандық ІІБ мен жер комитетінің өкілдерінен құралған комиссия тексеруге шығып, бейіт аумағында жеке меншік баспана тұрғызуға жүзден астам жер телімі дайындалып, ол жерлерге құрылыс материалдары жеткізіліп, адамдардың үй іргетасын қалауға дайындалып жатқанын көріп білді.

Ғ.Бекеевтің айтуынша, құрылысшыларға жерді белгісіз адамдар сатуда. «Адамдардың қолында қандайбір қағаздары бар. Олар осы жерден ешқайда кетпейтінін , ақырына дейін күресетіндіктерін айтуда», — деді Ғ.Бекеев.

Қалалық әкімшіліктің хабарлауынша, болашақ мұсылмандар бейіті Алматы — Ташкент тас жолының бойынша орналасқан. Оған арнап 64 гектар жер бөлінген. Былтырдан бері бюджеттен бөлінген 100 млн теңге игеріле бастады. Қазір бұл жерде кіре беріс арка тұрғызылып, қоршаулар орнатылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті