Шымкентте бір топ жігіт достарын үш ай кепілде ұстап, 7,5 млн доллар талап еткен - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте бір топ  жігіт  достарын  үш ай  кепілде ұстап,  7,5  млн доллар талап еткен

Шымкентте бір топ жігіт достарын үш ай кепілде ұстап, 7,5 млн доллар талап еткен

Шымкентте бір топ жас жігіт өздерінің достарын  үш ай бойы кепілде ұстап, отбасынан 7,5 миллион доллар талап еткен. Ұрып-соғып, суық әрі лас бассейнде зәбір көрген жігіттің хәлі қазір нашар. Бір қызығы, қарақшылар  «досымыз жоғалды» деп тәртіп сақшыларына өздері арызданып келіпті. Бірақ әккі тергеушілерден айласын  асыра алмай, қылмыстары әшкере болды.

  • 14 Шiлде 2011
  • 732
Фото - Caravan.kz

22 жастағы Евгений мен оның анасы Вера Григорьева әлі күнге естерін жия алар емес. Соңғы үш ай оларды әбден қажытқан. Женяны белгісіз біреулер 19 мамырда ұрлап әкетіп, анасынан ақша талап етіпті.

Вера Григорьева, жәбірленушінің анасы:

Сұмдық, көрген күнім тозаққа айналды. Ұйықтамадым, ас та өтпеді. Баламды сонша қорлаған оңбағандар!

Евгенийді ұрлап әкеткен өзінің достары болып шықты. Олар жігіттің есеп шотына қомақты қаржы түсуі керек деген алып-қашпа әңгімені құлақтары шалған көрінеді. Бірақ,қандай валюта, тіптен қанша екенін де еміс-еміс естіген. Ал ақпаратты қылмыскерлерге жігіттің құрбысы жеткізіпті.

Бахтияр Есжанов, ОҚО ІІД ҰҚКБ бастығы:

Түнгі отырыс кезінде белгісіз біреулер бетпердемен үйге басып кірген. Газ баллонын қолданып,жәбірленушіні ұстап әкеткен. Кейін анасынан 7,5 миллион доллар  талап етіпті.

Үш ай бойы қылмыскерлер жәбірленушіні қала сыртындағы үйдің қауызында ұстапты; суық су құйып, түнде үнемі жамылғысыз, киімсіз қалдырып кеткен.

Евгений, жәбірленуші:

«Бауыздап өлтіреміз»деп қорқытты. «Қолаяғыңды сындырып,үйіңе денеңді мүшелеп беріп жібереміз»деді. Қатты қорықтым.

Қылмыскерлер, яғни Евгенийдің достары, полицияға өздері келіп:“Жолдасымызды ұрлағандарды білмейміз,бірақ,  оларға ақша бермесе, барлығы бітті” деп түсініктеме берген.  Тергеушілер жастардың жауаптарынан секем алып, сол жерде қамауға алды. Қолға түскен бесеудің екеуі – бойжеткен; кішкентай сәбилері бар. Күдіктілер бар кінәларын мойындап отыр.

Соңғы жаңалықтар