Бұл туралы қалалық Полция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Сәденова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әсел Сәденованың сөзінше, қайғылы оқиға түскі сағат 12-00-дер шамасында болған. «Қазір осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы, яғни «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қалған мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді»,- дейді қалалық Полция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиға орнында тергеу шараларын жүргізіп, бойжеткеннің не себепті мұндай қадамға барғанын анықтап жатыр.