Шымкентте болған қатты дауылда екі жеткіншек жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте болған қатты дауылда екі жеткіншек жараланды

Шымкентте болған қатты дауылда екі жеткіншек жараланды

ШЫМКЕНТ. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today. Шымкентте болған дауылда екі жеткіншек жарақат алды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаментінің баспасөз қызметі.

  • 5 Қыркүйек 2006
  • 458
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, сенбі 2 қыркүйек күні, «Қазақстан Темір жолы» ҰК бөлімшесіне тиесілі темір жол тасымалы бөлімі ғимаратының жабындық қаңылтыры қатты желден ұшып № 17 мектептің ауласында жүрген төрт оқушыны басып қалған. Екі жеткіншек жапа шеккен жоқ, тағы екі 15 жастағы оқушылардың бірі бас сүйегі жараланып , екіншісі кеудесіне зақым тигізіп ауруханаға жеткізілді.

Мекеме мәліметі бойынша, тамыздың 31 -нен 3 қыркүйек аралығында облыста 114 өрт тіркелген, оның 58-і Шымкент қаласында болған. Дауыл салдарынан электр сымдары тұйықталып трансформаторлық қосалқы станцияларында өрт шыққан, соның салдарынан құрғақ ағаштар жанып кеткен.

Сондай -ақ , қатты жел ағаштарды құлатқан. «Адам өміріне қауіп туғызған жағдай. Бір ағаш автокөлік үстіне құласа, үшеуі газ құбырына, төртеуі үйдің шатырына құлады» деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Алдын ала болжам бойынша, Шымкентте табиғи апаттан төрт мектептің шатыры зақымданған.

Қазіргі кезде дауылдан кейінгі шығын есептелуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта