Бірнеше ондаған салымшы қиылысты жауып, көше қозғалысын шектеді. Олар инвестициялық купонды кітапшаларын тіркей алмай жүргеніне наразылық білдірді. Құжаттарды қабылдау және рәсімдеу шаралары өте баяу дейді олар. Салымшылардың кейбірі жолға ақша шашып, алыс аудандардан ат арытып жеткен. Басым көпшілігі бұл жерде бір аптадай жіпсіз байланса да, күні бүгінге дейін құжаттарын өткізе алмаған.
Пикет шарасы 10-20 минутқа созылды. Тәртіп сақшылары келіп мұндай шараның заңсыздығын түсіндіргеннен кейін ғана адамдар тарай бастады.