Шымкентте "Бутя-капитал" қоры салымшыларының инвестициялық кітапшаларын қайта тіркеу мерзімі 15-шілдеге дейін ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте "Бутя-капитал" қоры салымшыларының инвестициялық кітапшаларын қайта тіркеу мерзімі 15-шілдеге дейін ұзартылды

Шымкентте "Бутя-капитал" қоры салымшыларының инвестициялық кітапшаларын қайта тіркеу мерзімі 15-шілдеге дейін ұзартылды

Шымкентте "Бутя-капитал" қоры салымшыларының инвестициялық кітапшаларын қайта тіркеу мерзімі 15-шілдеге дейін ұзартылды. Бұл туралы Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында "Бутя-капитал" қорының өкілдері хабарлады.

  • 23 Маусым 2004
  • 576
Фото - Caravan.kz

Қор мен облыстық әкімшілік өкілдерінің бірлескен баспасөз мәслихатын өткізуіне 21-маусымда болған оқиға әсер етті. Бұл күні қор салымшылары қаладағы көше қиылыстарының бірін жауып тастаған. Олар 1-шілдеде аяқталады деп межеленген құжаттарды тіркеу жұмыстарының баяулығына наразылық білдірді. Инвестициялық кітапшаларды қайта тіркеу үшін алыс аудандардан келіп жеткен адамдар тіпті түні бойы кезекке тұруға мәжбүр болған. Аптап ыстықта ұзақ уақыт бойы далада жүрген адамдардың біразына жедел жәрдем көлігін шақыруға тура келген.

Облыс әкімінің орынбасары Светлана Бурлаченконың айтуынша, қор өкілдерінің тіркеу жұмысын дұрыс ұйымдастыра алмауы ахуалды ушықтырып жібере жаздады.
Ал «Бутя-капитал» қорының өкілдері болса, кемшіліктерін мойындап, оны жоюға уәде берді. Атап айтсақ, ахуалды тұрақтандыру үшін тіркеу мерзімі 15-шілдеге дейін ұзартылды.

Перейти к новостям спорта