Бұл туралы 24.кз хабарлады.Оқиға куәгері Ирина Овешкованың айтуынша, дауыл жұлып әкеткен шатыр оны басып қала жаздаған. Ал Гагарин көшесіндегі нөмірі 26-үйдің ауласындағы ағаш көлікті баса құлаған. Салдарынан бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Зарипа Тұрысбекова, Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы: — Гагарин, Адырбеков-Гоголь қиылысы көшесінің бойында талдар құлаған. Бір азаматша зардап шеккен. Бұл кісіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, толық дәрігерлік тексеруден соң үйіне жіберілген. Қосымша Шығыс мөлтек ауданында келіп түскен хабарлама бойынша көпқабатты тұрғын үйдің 60 шаршы метр болатын шатыр ұшып кеткен.