Шымкентте егіздердің саны күрт өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте егіздердің саны күрт өсті

Шымкентте егіздердің саны күрт өсті

Жыл басынан бері Шымкентте 30 мыңға жуық сәби өмірге келген.

  • 17 Қараша 2021
  • 120
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputniknews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жылдың басынан бері Шымкентте 305 егіз туған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен шамамен 100 балаға көп.

Мегаполисте 2021 жылы 29 105 нәресте дүние есігін ашса, оның ішінде 14 105 – қыз және 15 000 – ұл бала. Негізінен елдегі демографиялық көрсеткіш бойынша Шымкент әркез көш бастап келеді.

Жалпы егіздер санының артуы тек Шымкентте ғана байқалып отырған жоқ.

Ресми мәлімет бойынша жыл сайын әлемде 1,6 миллион егіз туады екен. Ғалымдардың айтуынша, өткен ғасырдың 1980-жылдарынан бері бұл дерек үш есе өскен.


Sputnik Қазақстан бұған дейін тәуелсіздік жылдарында елдегі халық саны 2 миллион 557 мың адамға (15,5%-ке) ұлғайғанын және 2021 жылдың 1 шілдесіндегі дерек бойынша 19 миллион 9,6 мың адамға жеткенін хабарлады.