Шымкентте энергокомпанияға ауаны ластайтын қалдық заттар тастағаны үшін 182 млн теңге айып салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте энергокомпанияға ауаны ластайтын қалдық заттар тастағаны үшін 182 млн теңге айып салынды

Шымкентте энергокомпанияға ауаны ластайтын қалдық заттар тастағаны үшін 182 млн теңге айып салынды

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы «Энергоорталық-3» АҚ-дан ауаны ластағаны үшін айыппұл өндіруге қол жеткізді. Бұл туралы бүгін облыстық прокуратураның хабарламасында мәлімделген.

  • 23 Сәуiр 2015
  • 722
Фото - Caravan.kz


Энергетикалық компанияның үстінен экологиялық реттеу және бақылау комитетінің облыстық экология департаменті  шағым түсіріп, 181,8 млн теңге өндіруді талап еткен.
Ол кезде сот талап-арызды жартылай қанағаттандырып, «Энергоорталық» АҚ-дан мемлекетке 28,88 млн теңге өндіріп алынған болатын.
Облыс прокуратурасының қарсылығы бойынша азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы бірінші саты сотының шешімін өзгертіп, «Энергоорталық-3» АҚ-дан мемлекетке қосымша 152,94 млн теңге және 4 млн теңге 558 мың 268 теңге мемлекеттік баж салығын өндірді.