Шымкентте екі жаңа жедел жәрдем станциясы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте екі жаңа жедел жәрдем станциясы ашылды

Шымкентте екі жаңа жедел жәрдем станциясы ашылды

Шымкент. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте екі жаңа жедел жәрдем станциясы ашылды, олар облыс орталығының іргесіндегі елдімекендерге қызмет көрсетеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Қараша 2008
  • 855
Фото - Caravan.kz

«Турлан экспедициясы ауылы мен Қайтпас-1 ықшамауданында екі кіші станцияның ашылуы осы аудан тұрғындарына жедел жәрдем көмегін бұрынғыдан жылдамырақ алуға мүмкіндік береді», -деді қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Талғат Есқараев тұсаукесер рәсімінде.

Жаңа екі станцияда 11 бригада жұмыс істейді. Олар қажетті техникамен және білікті дәрігерлермен қамтамасыз етілген. Қалалық жедел жәрдем станциясында қазір 50 бригада бар. Статистикалық бөлімнің мәліметіне сәйкес, 2007 жылы Шымкентте жедел жәрдем 153 175 шақыруға барған. Ресми мәлімет бойынша Шымкентте 600 мыңдай адам тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар