Шымкентте екі жұмысшы химиялық күйікпен ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте екі жұмысшы химиялық күйікпен ауруханаға жатқызылды

Шымкентте екі жұмысшы химиялық күйікпен ауруханаға жатқызылды

Бүгін, 7-қыркүйекте Шымкенттегі облыстық балалар ауруханасының күйікті емдеу бөліміне қаладағы бір кәсіпорынның екі жұмысшысы химиялық күйікпен жатқызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ауруханадан хабарлады.

  • 7 Қыркүйек 2005
  • 461
Фото - Caravan.kz



KZ-today тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің берген түсініктемесіне сәйкес, оқыс оқиға бұрынғы фосфор зауытының аумағында болды. Жергілікті бір кәсіпорынның жұмысшылары — 32 жастағы газбен дәнекерлеуші мен 20 және 30 жастағы оның екі көмекшісі металл конструкцияларды кесу үшін газбен істейтін кескішті тұтандырған сәтте газды қоспа жарылып, жана бастаған. Зәре-құттары қалмаған тәжірибесіз екі көмекші құрамында фосфоры бар сұйықтық құйылған тұндырғышқа секіріп түскен.
Соның салдарынан денесінің 80 проценті 1-3-дәрежелі күйікке шалдыққан олар аса ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта