Жарияланды: 460

Шымкентте ең биік ескерткіш орнатылды

Шымкентте ең биік ескерткіш қойылды. Енді қалаға кіріп келе жатқан қонақтарды құшағын жайған Бәйдібек бидің мүсіні қарсы алатын болады.

Ескерткіштің жалпы биіктігі жерден алғанда 23 метр. Соның 10 метрін мүсіннің өзі құрайды. Салмағы тоғыз тонналық қола мүсіннің беті шығысқа қарап тұр. Тарихи деректерде, Бәйдібек би кезінде Жеті­су мен Арыс өзенінің алабын, Ташкент пен Қаратау өлкелерін басқарған, парасаттылығы және байлығымен елге танымал болған тұлға. Бәйдібек баба бейнесі оның ұрпақтарының қаржыландыруымен бой көтерді. Сәулетшілердің пікірінше, Бәйдібек би ескерткіші облыс орталығының жаңа символы болмақ. Сұсты жүзбен шығысқа қараған бидің кескіні халқына үн қатып тұрғандай мағына береді дейді авторлар.

Насыр Рүстемов, мүсін авторы:

- Қалаға қаратсақ, артымен...кіріп келе жатқан қонақтарымыз ба , басқа өзіміздің тұрғындарға арқасымен тұрып қалады. Сондықтан, біз бетін алдына қаратып, халқына тағзым жасап тұрғандай етіп қойдық.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін