Шымкентте фитнес-клубтың бассейніне 4 жасар бала батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 481.83
  • 556.8
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте фитнес-клубтың бассейніне 4 жасар бала батып кетті

Шымкентте фитнес-клубтың бассейніне 4 жасар бала батып кетті

Шымкенттегі фитнес-клубтардың біріндегі бассейнде 4 жасар бала батып кетті.

  • 30 Қаңтар 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қаңтарда болған.

Сол күні сағат 17.25-те Шымкент қаласы ТЖД дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына 2018 жылы туған баланың балалар бассейніне батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

"Балалар бассейнінде шомылу кезінде (тереңдігі 1,2 м.ені 5 м.) бала ересектердің қарауынсыз қалып, суға батып кеткені анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалған", — деп хабарлайды өңірлік ТЖД.