Шымкентте фосфор тұздарын өндіретін цех іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте фосфор тұздарын өндіретін цех іске қосылды

Шымкентте фосфор тұздарын өндіретін цех іске қосылды

Шымкентте фосфор тұздарын өндіретін цех іске қосылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "РФС" ЖАҚ-ның президенті Иван Максимов хабарлады.

  • 29 Қазан 2003
  • 674
Фото - Caravan.kz

Өндірістің бірінші кезегі іске қосылғаннан кейін кәсіпорын айына 2 мың тонна термикалық фосфор қышқылын өндіре алады. Ал келесі жылы тазартылған реактивтік фосфор қышқылы мен реактивті фосфор тұздарын шығару жоспарланып отыр. Цех бұрынғы фосфор зауытының аумағында орналасқан.

Қазір кәсіпорында 130 адам жұмыс істеуде, ал И.Максимовтың айтуына қарағанда, алдағы жылы олардың саны 300-ге дейін артады.
«РФС» ЖАҚ-ын екі заңды тұлға құрған. Кәсіпорын акцияларының 49 проценті «Шымкентфосфор» АҚ-ның, 51 проценті «Алтын Нұр» ЖШС-нің иелігінде. ЖШС кәсіпорынды іске қосуға 86,5 млн. теңге қосты.
Термикалық фосфор қышқылының бір тоннасы 400 долларға, ал реактивті фосфор қышқылының бір тоннасы 1200 долларға бағаланады.

Соңғы жаңалықтар