Шымкентте газ құбырындағы апат салдарынан төрт тұрғын үй газдан қағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте газ құбырындағы апат салдарынан төрт тұрғын үй газдан қағылды

Шымкентте газ құбырындағы апат салдарынан төрт тұрғын үй газдан қағылды

Астана. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте газ құбырындағы апат салдарынан төрт тұрғын үй (214 пәтер) мен жай үйлер секторындағы 309 абонент газдан қағылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Тамыз 2008
  • 400
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 6 тамызда сағат 17.55-те «Қазтрансгаз-Аймақ» АҚ-ның апаттық-диспетчерлік қызметінен Шымкенттің Қазыбек би мен Төреқұлов көшелерінде орта қысымды, диаметрі 100 мм-лік жер асты газ құбырынан газ шығып жатқаны белгілі болды.

Соның салдарынан 10 шкафты тарату бөлімшесі газдан ажыратылды. Апат салдарынан төрт тұрғын үй (214 пәтер) мен жай үйлер секторындағы 309 абонент газдан қағылды. Жөндеу жұмыстары 7 тамызда сағат 09.00-де басталуға тиіс, деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар