Жарияланды: 520

Шымкентте газ құбырындағы апаттық жағдай жойылды

Астана. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте газ құбырындағы апаттық жағдай жойылып, барлық тұтынушылар газға қосылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, "7 тамыз күнгі сағат 20.00-дегі жағдаймен апаттан қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, барлық тұтынушылар газға қосылды. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 6 тамызда сағат 17.55-те "Қазтрансгаз-Аймақ" АҚ-ның апаттық-диспетчерлік қызметінен Шымкенттің Қазыбек би мен Төреқұлов көшелерінде орта қысымды, диаметрі 100 мм-лік жер асты газ құбырынан газ шығып жатқаны белгілі болды. Соның салдарынан 10 шкафты тарату бөлімшесі газдан ажыратылды. Апат салдарынан төрт тұрғын үй (214 пәтер) мен жай үйлер секторындағы 309 абонент газдан қағылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть