Шымкентте газ құбырындағы апаттық жағдай жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте газ құбырындағы апаттық жағдай жойылды

Шымкентте газ құбырындағы апаттық жағдай жойылды

Астана. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте газ құбырындағы апаттық жағдай жойылып, барлық тұтынушылар газға қосылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 8 Тамыз 2008
  • 512
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, «7 тамыз күнгі сағат 20.00-дегі жағдаймен апаттан қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, барлық тұтынушылар газға қосылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 6 тамызда сағат 17.55-те «Қазтрансгаз-Аймақ» АҚ-ның апаттық-диспетчерлік қызметінен Шымкенттің Қазыбек би мен Төреқұлов көшелерінде орта қысымды, диаметрі 100 мм-лік жер асты газ құбырынан газ шығып жатқаны белгілі болды.

Соның салдарынан 10 шкафты тарату бөлімшесі газдан ажыратылды. Апат салдарынан төрт тұрғын үй (214 пәтер) мен жай үйлер секторындағы 309 абонент газдан қағылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар