Шымкентте иіс тию салдарынан 2 бала ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте иіс тию салдарынан 2 бала ажал құшты

Шымкентте иіс тию салдарынан 2 бала ажал құшты

Шымкентте ұл бала мен қыз бала иіс тию салдарынан қаза тапты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

  • 24 Қазан 2016
  • 503
Фото - Caravan.kz


Ұл бала 8, қыз 16 жаста болған. Қайғылы оқиға Шымкенттің 18-ші шағын ауданында көп пәтерлі тұрғын үйде түнгі уақытта орын алған. Төтенше жағдай қызметінің ақпаратынша, қайғылы оқиғаның орын алуына газ жабдықтарын монтаждаудың техникалық талаптарының бұзылуы себеп болған. Бұл пәтердің иелері  лоджияға суды жылытқыш пен газ плитасын алып шыққан, ал түтіндікті лоджияға қабырға арқылы шығарған. Газ шаруашылығының апаттық қызметі газ кранын жауып, есептеу құрылғысына сүргі салған.  Төтенше жағдай және газ қызметкерлері түтіндіктер мен жабдықтарды барлық нормалар мен талаптарға сай жөндеу керек екенін ескертеді.  

Перейти к новостям спорта