Шымкентте канализациялық құбырдың жарылуы салдарынан 22 үй су ішінде қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте канализациялық  құбырдың жарылуы салдарынан 22 үй су ішінде қалды

Шымкентте канализациялық құбырдың жарылуы салдарынан 22 үй су ішінде қалды

Шымкентте канализациялық құбырдың жарылуы салдарынан 22 үй су ішінде қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 21 Желтоқсан 2004
  • 509
Фото - Caravan.kz

«Жер астындағы канализациялық құбырдың жарылуы салдарынан Кутузов көшесінің жұп сан жағында орналасқан үйлер су ішінде қалды»,- дейді басқармадағылар. Әсіресе №12 үй артықша зардап шегіп, оның қабырғалары жартылай бүліне бастады. Үй аулаларындағы судың деңгейі 50-60 сантиметрге жетті. Құтқарушылар бұл үйдің тұрғындарын басқа жаққа көшіріп, үй ішіндегі жиҺаздарды сыртқа алып шықты.

Шұғыл құтқарушы топ пен облыстықөртке қарсы күрес қызметінің қызметкерлері су сорғызп алу жұмыстарымен үш күннен бері айналысуда. Су басу зардабын жоюға 12 техника мен 120 адам жұмылдырылды.
Су құбыры мекемесі қызметкерлерінің айтуынша, құбырдың жарылуына тұрғындардың өздері кінәлі. Олар канализациялық жүйеге өз беттерімен су жіберген. Соның салдарынан құбырдың астындағы жер қабаты төмен шөгіп, құбыр жарылып кеткен. Қазіргі жағдаймен құбырдың бұл бөлігі ауыстырылды.

Перейти к новостям спорта