Шымкентте карантин шектеулері 6 шілдеге дейін созылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте карантин шектеулері 6 шілдеге дейін созылды

Шымкентте карантин шектеулері 6 шілдеге дейін созылды

Шымкентте карантин шектеулерінің мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды. Бұл туралы коронавирусқа қарсы шектеу шаралары жөнінде өткен брифингте қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.

  • 19 Маусым 2020
  • 57
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қала әкімі бірінші орынбасарының айтуынша, шаһарда коронавирус инфекциясы өршіп тұр. Осыған орай карантин мерзімі ұзарып, кейбір шектеу шаралары енгізіліп отыр.

«Қаламызда шектеу шарасы 22 маусымға дейін еді. Енді карантин 6 шілдеге дейін созылып отыр. Одан бөлек, кейбір шектеу шаралары енгізіледі. Арнайы топпен қоғамдық көліктер мен қоғамдық орындарды аралап шықтық. Өкінішке қарай, сақтық шаралары дұрыс сақталмаған. Мұның бәрі қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты демалыс күндері қаланың күнделікті өміріне қажетті нысандардан басқа нысандар жұмысын тоқтатады. Яғни, сенбі, жексенбі күндері барлық азаматтар өз отбасымен үйінде отыруы керек. Егер біз осындай шараларды сақтамайтын болсақ, коронавирусты ауыздықтау мүмкін емес. Алдағы 20, 21 маусым күндерінен бастап қаладағы ойын-сауық орталықтары, ірі сауда орындары, базарлар, сауда үйлері мен орталықтары, фитнес орталықтары, бассейндер және спорт нысандарының жұмысы тоқтайды. Бірақ тек сенбі, жексенбі күндері. Бұл орайда көпқабатты тұрғын үйлердің аумағындағы азық-түлік, жеке азық-түлік дүкендері және қаладағы көтерме базар «Жібек жолы» мен «Қазыбек» базары жұмысын істейді», – деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Ербол Садыр сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы тоқтайтынын және тек қана ашық далада тамақтану орны бар және санитарлық нормаларды сақтаған орындар ғана өз жұмысын жалғастыратынын айтты. Ал, қоғамдық көлік сенбі, жексенбі күндері толық тоқтайды. Басқа күндері мерзіміне шектеулер енгізіліп, таңғы сағат 07:00-ден 11:00-ге дейін және түстен кейін 17:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін ғана жүреді.

«22 маусымнан бастап ХҚО және Жұмыспен қамту орталығының жұмысына да шектеу қойылады. Олар таңғы сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Оның өзінде онлайн көрсетілмейтін қызметтерді ғана іске асырады. Мұнда келетін азаматтар онлайн кезекке тұруы керек. Сонымен қатар, халық көп жиналатын көшелер, арбаттар, скверлер, спорттық және балаларға арналған алаңшалар, туристік орындар, саябақтардың барлығы жұмысы тоқтатады. Одан бөлек, қаладағы офисте, мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайтын кәсіпорындардың барлығына жұмысшыларының 80%-на дейін онлайн режимде жұмыс істеуге көшу туралы шешім қабылданған»,- деді қала әкімінің бірінші орынбасары.


Ербол Әбілхайырұлы бұл шаралардың барлығы тұрғындардың денсаулықтарының сақтау үшін жасалып жатқанын атап өтті.

«Әр азамат өзінің денсаулығы, жақындарының амандығы үшін сақтануы керек. Егер сіздер тарапынан санитарлық нормалар сақталынбаса, коронавирусты ауыздықтауымыз мүмкін емес. Нәтижесінде, қаладағы шектеу шараларын бұдан да қатты күшейтуге мәжбүр боламыз», – деді Е.Садыр.

Соңғы жаңалықтар