Шымкентте кәсіпкерді соққыға жыққан полиция қызметкері сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте кәсіпкерді соққыға жыққан полиция қызметкері сотталды

Шымкентте кәсіпкерді соққыға жыққан полиция қызметкері сотталды

Шымкентің әл-Фараби аудандық соты жергілікті кәсіпкерді соққыға жыққан полиция қызметкерін кінәлі деп танып, шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 21 Маусым 2011
  • 383
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасына сәйкес, биылғы жылдың ақпан айында учаскелік инспектордың көмекшісі ұялы телефон сататын бутик иесінің қызметін бірнеше рет және заңсыз түрде тексерген.

«Жеке кәсіпкердің қызметінен заң бұзушылық таппаған соң ол қарамағына алып бақылап жүретінін айтып ақша талап еткен. Келіспеген соң ол кәсіпкерді қызметтік көлігіне отырғызып, бірнеше рет бетінен ұрып, жағын сындырған.
Осы факті бойынша облыс прокуратурасыны арнайы прокуроры полицияның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабы бойынша (қызметтік бабын асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғады.
Полиция қызметкерінің кінәсі дәлелденіп, соққыға жығу фактісін көрген куәгерлер анықталған.