Шымкентте кәсіпкерге қарулы шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте кәсіпкерге қарулы шабуыл жасалды

Шымкентте кәсіпкерге қарулы шабуыл жасалды

Шымкентте кәсіпкерге қарулы шабуыл жасалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Маусым 2005
  • 519
Фото - Caravan.kz

14-маусым, сейсенбіде беймәлім бір қылмыскер бытыралы мылтықтан 38 жастағы кәсіпкерге қаратып оқ атқан. Қастандық оқиғасы жәбірленушінің үйінің жанында болды. Иығы мен кеудесінен жараланған кәсіпкер жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Тәртіп сақшылары бұл қастандық кәсіпкердің іс-қызметіне қатысты деп санамайды, өйткені, ол ауқатты адамдар қатарына жатпайды . Қазір бұзақылық немесе өшпенділік жөніндегі болжамдар қарастырылып жатыр.

Бұл — осы өңірде қасақана кісі өлтіруге жасалған жыл басынан бергі 20-шы әрекет.

Перейти к новостям спорта