Шымкентте Kaspi Bank-тен ақша ұрлаған күдікті Алматыдағы бөлімшені де тонамақ болған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте Kaspi Bank-тен ақша ұрлаған күдікті Алматыдағы бөлімшені де тонамақ болған

Шымкентте Kaspi Bank-тен ақша ұрлаған күдікті Алматыдағы бөлімшені де тонамақ болған

Шымкенттегі Каспий банк бөлімшесін ақша ұрлаған күдіктінің осыдан 1 жыл бұрын Алматыдағы Kaspi Bank бөлімшесін тонамақ болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 23 Қазан 2017
  • 222
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты  Каспий банктің баспасөз қызметі растады.

«Полиция биыл 13 қазанда Шымкенттегі банк бөлімшесі тонаған күдіктінің өткен жылы 2 қыркүйекте Алматыдағы бөлімшесін тонамақ болғандығын анықтады. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Полиция оның басқа да қарақшылық шабуылдарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

ҚР Қылмыстық кодексінің 192-ші  «Қарақшылық» бабының 4-тармағы бойынша күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қуанышқа орай, тонау кезінде банк клиенттері мен қызметкерлері зардап шеккен жоқ», — деді баспасөз қызметінен.

Банктің хабарлауынша, ұрланған қаражаттың біраз бөлігі қайтарылды, қалғанын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.

ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеуінше, Шымкент қаласындағы Каспий банк бөлімшесіне күдіктінің қарақшылық шабуыл жасаған сәті камераға түсіп қалған.

«Қылмыс барысы бақылау камерасының нысанасына іліккен. Тонаушы банк ғимаратының негізгі кіре беріс есігінен еркін кірген.  Бетін мата бетпердемен тұмшалап алған ол «жарылғыш пакетке» ұқсас затты еденге лақтырып, аталған зат түтіндей бастаған кезде банк қызметкерлерін балтамен қорқытып, ұлттық және шетелдік валютадағы көлемді қаражатты алған. Осыдан кейін ол қылмыс орнынан бой тасалаған», — деді ол.

Департамент басшысының айтуынша, күдіктінің тұрғылықты мекен жайынан ұрланған ақшаның біраз бөлігі табылған. «Күдіктінің тұрғылықты мекен жайынан ұрланған ақшаның біраз бөлігі, сөмке, қолғап және жасалған қылмысқа оның қатысы бар екендігін дәлелдейтін өзге де заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Осы іске қатысты тергеу жалғасуда», — деді Алмас Садубаев.


Айта кету керек, былтыр қыркүйекте Алматыда белгісіз біреу Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысындағы Каспий банк бөлімшесін тонамақ болған еді.

Қарақшылық шабуылдан банк қызметкерлерінің бірі жапа шеккен болатын.