Баспасөз қызметінің айтуынша, форум отандық ауыл шаруашылық өнімдердің бәсекелік қабілеттілігін арттыру, сыртқа шығарылатын экспорт көлемін ұлғайту және жеміс-көкөніс өнімдері саласының инфрақұрылымын жақсарту, дамыту үшін жеміс-көкөніс өнімдері кластерін дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде өтеді. Кездесу аул шаруашылық, сауда және индустрия, министрліктерінің, сондай-ақ «ҚазАгро» холдингінің қолдауымен іске аспақ. Шараның ұйымдастырушылары — «Қазагромаркетинг» АҚ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі.
Форумның басты мақсаты — қатысушыларды Орта Азияның дәнді-дақыл, жеміс-жидек тұқымдары нарығымен, жеміс-жидек тұқымдарын өндіру және өңдеу бойынша жаңа технологиялармен таныстыру, жалпы мәселелер мен нарықтың даму ағымдарын , сонымен қатар, жеміс-жидек тұқымдарының халықаралық саудасының өзге де қырларын талқылау.
Конференция жұмысына осы саладағы әлемдік және қазақстандық сарапшылар, трейдерлер, агрохолдингтер, өңдеуші және ауылшаруашылық кәсіпорындарының, даму институттарының қызметкерлері, кеден комитетінен, ауыл шаруашылық, сауда және өнеркәсіп, қаржы, көлік және коммуникация және басқа да министрліктерден өкілдер қатысады деп күтілуде. Негізінен конференцияға 200-ден астам маман қатысады деп болжанып отыр.
Форум шеңберінде сессиялық отырыстар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру қарастырылған. Оның ішінде, Қазақстанның жеміс-жидек тұқымдары саласын мемлекеттік реттеу және қолдау шараларын талқылау жоспарланған. Сондай-ақ, бас қосуға қатысушыларға іскерлік кездесулер және бизнес-талқылаулар ұйымдастырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті