Шымкентте кеміргіштермен күреске 43 млн. 258 мың теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте кеміргіштермен күреске 43 млн. 258 мың теңге бөлінді

Шымкентте кеміргіштермен күреске 43 млн. 258 мың теңге бөлінді

Шымкент қаласы әкімдігінде шаһардағы кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының барысы жөнінде жиналыс өтті.

  • 13 Шiлде 2011
  • 465
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қала әкімінің орынбасары Абзал Шымкентбайұлының айтуынша, кеміргіштерді жаппай жою жұмыстарына қала әкімдігінің шұғыл шығындарға қарастырылған қорынан 43 миллион 258 мың 980 теңге бөлінген. Сөйтіп, залалсыздандыру жұмыстары 30 мамырда басталып, қаладағы мемлекеттік мекемелерде, мектеп-балабақшаларда, көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерінде, өзен жағалауларында, арықтарда, қоғамдық орындарда, сондай-ақ қоқыс тастайтын жерлерде жүргізілген», — делінген таратылған хабарламада.

«Шымкент қаласы аумағында ауру таратушы кеміргіштер мен егеуқұйрықтардың көбеюі халықты әбігерге түсірген еді. Осыған орай, Шымкент қаласында кеміргіштер мен эктопаразиттерге қарсы залалсыздандыру және кеміргіштерді жаппай жою жұмыстарын ұйымдастыру Шымкент қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының күн тәртібінде қаралып, нақты шаралар қабылдау жөнінде шешім шығарылды. Соның аясында залалсыздандыру жұмыстары 30 маусымда аяқталып, жалпы залалсыздандыру аумағы 12 800 000 шаршы метрді құраған. Сонымен қатар, қаладағы азық-түлік базарлары, өнеркәсіп орындары, тамақтану орындары және басқа да жеке меншік нысандар залалсыздандырумен айналысатын мекемелермен жеке келісімшарт арқылы өз ғимараттарында тазалық, алдын алу жұмыстары атқарылды. Бұл жұмыстар күзде қайта жалғасын табады», — дейді Шымкент қаласы ветеринария бөлімінің бастығы Бейсенбек Қамшыбеков.