27-желтоқсанда Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұңғыш халыққа қызмет көрсету орталығын ашу рәсімі болып өтті.
Облыстық әділет департаментінің директоры Бақытжан Есеновтың айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтар мемлекеттік бес мекеменің 81 қызмет түрін ала алады. «Алғашқы кезеңде 70 қызметкер жұмыс істейтін болады. 52 терезе қарастырылған»,- деді Б.Есенов.
2007-жылы облыстың әрбір ауданында осындай орталықтар салына бастайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті